Русский     English     |
БайланысБізге жазыңыз
 
Главная  >  Жаңалықтар мен оқиғалар  >  Жаңалықтар  >  27 шілде 2009 ж.Үйлестіру кеңесінің 3-ші отырысы ұйымдастырылды 

27 шілде 2009 ж.Үйлестіру кеңесінің 3-ші отырысы ұйымдастырылды

Үдемелі индустриялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 3-ші отырысы 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қалыптастыру жөніндегі 1-ші дайындық кезеңінің қорытындысын шығару мақсатында ұйымдастырылған. Аталған отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, кәсіпкерлердің салалық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.Үйлестіру кеңесінің шеңберінде 8 салалық жұмыс топтары, қаржы тобы, Үйлестіру кеңесінің штабы – жұмыс органы құрылған.Перспективалық салалық бағыттарды іріктеу жөніндегі, Индустрияландыру картасына одан кейінгі енгізу үшін инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі, одан әрі қаржыландыру үшін басымды салалық бағыттар бойынша мастер-жоспарларды әзірлеуді қаржыландыру жөніндегі атқарылған жұмыс туралы салалық жұмыс топтарының есептері тыңдалды. Мәселен, жедел деректер бойынша Мемлекет Басшысы айқындаған экономиканың басымды салалары шеңберінде 50 инвестициялық тартымды кіші салалар бөлінді. Сәйкестендірілген жобалардың саны 94-ке жетті. Үйлестіру штабына оң қорытынды алған жағдайда Индустрияландыру картасына енгізілетін жаңа жобалар түседі.Отырыста машина жасауды және туризмді дамыту жөніндегі жаңа салалық жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды.Салалық бағыттардың түпкілікті тізімін, 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қалыптастыру шеңберінде Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияға мастер-жоспарларды әзірлеуді қаржыландыру көлемдерін шығару бойынша шешім Үйлестіру кеңесі отырысы жұмысының қорытындысы болып табылды.   
 
 
27 шілде, 2009
 
 
 

 
 
 

Қазақстан Республикасы
Алматы қ.:
050013, Наурызбай батыр кош,154-а, 5-ші қабат
Біздің телефондарымыз:                +7 (7...       , 259 98 17, 259 98 18
Факс: +7 (727)259 98 39.
E-mail: info@nif.kz