Жаңалықтар мен оқиғалар
|
Главная
>
Жаңалықтар мен оқиғалар
>
Жаңалықтар
>
Премьер-Министр К.Мәсімовтің қатысуымен ҚР Үкіметінің жанындағы жоғары ғылыми-техникалық комисссияның кезекті отырысы өтті
Премьер-Министр К.Мәсімовтің қатысуымен ҚР Үкіметінің жанындағы жоғары ғылыми-техникалық комисссияның кезекті отырысы өтті
Кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасында ғылымды реформалаудың бағыттары жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Аталған мәселе бойынша жұмыс тобы қызметінің қортындысы туралы ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев баяндама жасады. Ғылымды әрі қарай реформалаудың мақсаты ұлттық инновациялық жүйені дамытуға қажетті жағдай туғызу болып табылады. Ғылыми басымдықтар бойынша қаржыландырудың гранттық жүйесін енгізу, мемлекеттік тапсырмалар арқылы ғылыми ұйымдар үшін базалық қаржыландыруды айқындау, мемлекеттік ғылыми – техникалық сараптама жүйесін құру, басымдықтағы салалық бағыттар бойынша ғылыми кеңестерді қалыптастыру, университеттік ғылымды дамыту сияқты шешуші бағыттар айқындалды. ЖҒТК мүшелері ұсынылған әдістемелерді тұжырымдамалық тұрғыда мақұлдады. Премьер – Министр өкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына енгізілген ұсыныстарды түпкілікті қарау үшін әрі қарай пысықтауды тапсырды.
|
Қазақстан Республикасы
Алматы қ.:
050013, Наурызбай батыр кош,154-а, 5-ші қабат
Біздің телефондарымыз:
Факс: +7 (727)259 98 39.
E-mail: info@nif.kz


