2009 жылы қыркүйек айының 19 жұлдызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрі Әсет Исекешев Ұлттық инновациялық қор ұжымына жаңа бірінші басшы - Айдын Құлсеитовты таныстырды.
«Қазіргі таңда Қор инновациялық даму институты бола тұра, мемлекеттің индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге асыруда белсенді орнын алуға тиісті, - деп атап өтті Министр. – Ұлттық инновациялық қор тек қана ғылыми саламен жұмысқа қөңіл бөліп қана қоймай, экономиканың нақты бір секторында өндірісшілермен тығыз жұмыс атқарады».
Айдын Құлсеитов, өз кезегінде, Қорда алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатын кәсіпқой мамандар жұмыс істейді. Құлсеитов мырзаның мемлекеттік қызметтердедегі тәжірибесі мол. Түрлі уақытта ол жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істеген, ҚР индустрия және сауда Министрлігінде, ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігінде департаменттерді басқарған, сонымен қатар, ҚР Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг Бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ҚР Үкіметі өндіріске жаңа технологияларды енгізу мен ғылым, бизнес және мемелкет арақатынасын күшейтуге айрықша рөл берілетін индустриалды-инновациялық салада бастағанын атап өткен жөн. Мемлекет Қазақстанда инновациялық қарекетті ынталандыру үшін гранттық қолдау көрсетеді.
Қосымша ақпарат:
«Ұлттық инновациялық қор» (ҰИҚ) АҚ 2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен елде инновациялық белсенділікті көтеру мақсатында құрылды. «ҰИҚ» АҚ акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады.
ҚР Үкіметінің 20.07.2009ж. № 1099 қаулысы бойынша индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыруда ҚР индустрия және сауда Министрлігінің үйлестіруші рөлін күшейту мақсатында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ҚР индустрия және сауда Министрлігіне сенімгерлік басқаруға берілді.