Русский     English     |
БайланысБізге жазыңыз
 
Главная  >  Жаңалықтар мен оқиғалар  >  Жаңалықтар  >  Бүгін Алматыда “Ұлттық инновациялық қор” АҚ (ҰИҚ) және MVV decon GmbH арасында  “Берікті энергетикалық Қазақстан коры(KAZSEFF)” жобасы шеңберіндегі энергияны тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздері туралы өзара түсінушілік Меморандумына қол  

Бүгін Алматыда “Ұлттық инновациялық қор” АҚ (ҰИҚ) және MVV decon GmbH арасында “Берікті энергетикалық Қазақстан коры(KAZSEFF)” жобасы шеңберіндегі энергияны тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздері туралы өзара түсінушілік Меморандумына қол койыл

28 қыркүйек 2009 ж.                                                                                              Алматы қ.                 

Бүгін Алматыда “Ұлттық инновациялық қор” АҚ (ҰИҚ) және MVV decon GmbH арасында  “Берікті энергетикалық Қазақстан коры(KAZSEFF)” жобасы шеңберіндегі энергияны тиімді пайдалану мен жаңартылған энергия көздері туралы өзара түсінушілік Меморандумына қол койылды.

 «Ұлттық инновациялық қор» АҚ мен MVV decon GmbH өзара түсінушілік жөніндегі Меморандум Еуропалық жаңарту мен дамыту банкі жетілдірген KAZSEFF жобасы шеңберіндегі энергия тиімділігі мен жаңартылған энергия көздері жөніндегі жобаларды дамытуға көзделген серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Аталмыш Меморандумның шеңберінде, ҰИҚ және KAZSEFF энергия тиімділігі мен жаңартылған энергия көздері жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды жетілдіруде, сонымен қатар, жобаларды бағалау жүргізу жұмыстары мен энергетика саласындағы жобаларды жетілдіруінде біліктілікті арттыру үшін ұйымдастырылатын тренингтерге өзара қызығушылық білдірді. Одан басқа, бұл ынтымақтастық қазақстандық жекеменшік компанияларының потенциалды несие алушыларына KAZSEFF жобасының жылжытуын болжайды.
KAZSEFF жобасы Еуропалық жаңарту мен дамыту банкі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Коршаған ортаны қорғау министрлігі мен ҚР табиғи монополияларды реттеу Агенттігі қол қойған  Қазақстандағы тұрақты энергетиканы дамыту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының бөлігі болып табылады.  Жоба Қазақстанда 2008 жылдың соңында жүзеге асты.
    KAZSEFF Қоры қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы жекеменшік компанияларды қаржыландыруында 75 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі несие бағытымен иеленеді. Қазіргі уақытта «ЦентрКредит Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ KAZSEFF қорының серіктес банктері болып табылады; бір қарыз алушыға несиенің максималды көлемі 7 млн. АҚШ доллары мөлшерінде құрайды.
KAZSEFF қоры қайраткерлігінің келесі маңызды бағыттары бар: несие бағытын жылжытуға бағытталған техникалық тегін қолдау; энергетикалық ысыраптар деректерін айқындауда компанияларға көмек көрсету, энергия тұтынуды төмендету мен жобаларды дайындау жөнінде қаржыландыруға тиімді техникалық шешімдерді ұсыну.
Жобаның түріне байланысты, кәсіпорын келесі пайдаларды ала алады: энергетикалық шығындарды төмендету, энергоресурстарға қатысты бағалар тәуелсіздігін төмендету, технология мен жабдықтарды жаңарту, тиімділік көрсеткіштерін жақсарту, өндіріс көрсеткіштері - өнім сапасы – кәсіпорын беделі, тегін техникалық жәрдем және бәсекелі несие ұсынымы.
Сонымен қатар, Еуропалық жаңарту мен дамыту банкімен келісімге сәйкес энергетика, қоршаған орта мен экология жөніндегі халықаралық консалтинг компаниясы -MVV decon GmbH Қазақстанда KAZSEFF қорының жобасын жүзеге асыруымен айналысады. MVV decon GmbH Манхайм қаласында орналасқан Германияның ең ірі коммуналды кәсіпорындардың бірі MVV Group компаниялар тобының мүшесі болып табылады. MVV decon 10 жылдан аса Орталық Азияда энерегетика саласында жобалар бойынша өз жұмысын жүзеге асырады.
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ ҚР инновациялық дамыту институттарының бірі болып табылады. 2009 жылдың шілдесінен бастап «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігінің сенімгерлік басқаруына берілді. 
ҰИҚ жұмысының негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасы территориясында вечурлік қорлар құруды инвестициялау мен инвестицияларды тарту, инновациялық жобаларды жүзеге асыратын компанияларды инвестициялау, тәжірибелік-конструкторлы зерттемелерді қаржыландыру, республикада инновациялық белсенділікті күшейтуге бағытталған іс-шараларды өткізу.

Брифингке қатысқандар:

1. Тоқжанов Әуелбек – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ  Басқарма Төрағасының  бірінші орынбасары
2.  Райнер Бенке –  «Берікті энергетикалық Қазақстан коры (KAZSEFF)» жобасының басқарушысы
3. Томаш Бравенек – Аға банкирі (Еуропалық жаңарту мен дамыту банкі)


 

 
 

 
 
 

Қазақстан Республикасы
Алматы қ.:
050013, Наурызбай батыр кош,154-а, 5-ші қабат
Біздің телефондарымыз:                +7 (7...       , 259 98 17, 259 98 18
Факс: +7 (727)259 98 39.
E-mail: info@nif.kz