Жаңалықтар мен оқиғалар
|
Главная
>
Жаңалықтар мен оқиғалар
>
Қоғамдық іс-шаралар
>
Жыл сайын өтетін Қазақстанның Инновациялық Конгресі
Жыл сайын өтетін Қазақстанның Инновациялық КонгресіҚазақстанның IV Инновациялық Конгресі 29 сәуір 2008 ж., Алматы қ. Қазақстанның Инновациялық конгресі - бұл "Ұлттық инновациялық қор" АҚ жыл сайын ұйымдастыратын шара. Конгресс – бұл тәжірибе алмасу және инновациялық үдеріс қатысушыдарының арасындағы ынтымақтастықты дамытудың ақпараттық алаңы. Конгресс мақсаттары - Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын және ҚР ұлттық инновациялық жүйесін құру және дамыту бағдарламасын қолдау; Қазақстандағы венчурлық капитал нарығының инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеу, венчурлық қорлар мен инновациялық инфрақұрылымды қолдау бойынша соңғы мемлекеттік бастамаларды талқылау.
IV Инновациялық Конгресте басым назар аударылған бағыт - Қазақстанның венчурлық инфрақұрылымын дамыту. Конгресс құрылымы пленарлық отырыстардан және секция бойынша бөлінген 3 параллель сессиядан тұрады:
• ақпараттық технологиялар • альтернативті энергетика • биотехнологялар және фармацевтика. Сонымен қатар Конгресс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс, фармацевтика салаалры бойынша іске асқан және іске асырылып жатқан жобалардың венсурлық жәрмеңкесі өткен.
IV Инновациялық Конгреске 250-ден астам мемлекеттік басқару органдар, ірі мемлекеттік холдингтер өкілдері, халықаралық сарапшылар, қаржылық және инвестициялық компаниялар басшылары, сонымен бірге ұсақ және орта компаниялар, өндірістік кәсіпорындар, аймақ басшылары және жаңа өнімдер мен технологиялардың көмегімен өз кәсіпкерлігін дамытуды көздеген басқа да азаматтар қатысты.
IV Инновациялық Конгресс Қазақстан нарығының қатысушылары үшін маңызды шара болды. Бұдан былай ол бизнес, ғылым, мемлекет және қоғам мүмкіндіктерін іске асыруда көмек болатын кездесулер орталығы болмақ. Ұйымдастырушы: "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ құрамына кіретін "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Өткізілген мекен-жайы: "Бақшасарай" қабылдау үйі ( "Атакент" көрме орталығы, Тимирязева, 42) Бас демеуші:
Демеушілер:
Серіктес: "КаР-Тел" ЖШС ТМ BEELINE
Бас медия-серіктестер:
Ресми медиа-серіктестер:
Медиа-серіктестер:
Қазақстанның III Инновациялық Конгресі
25 сәуір 2007 ж., Алматы қ. 2007 ж. 25 сәуірде Қор ІІІ Инновациялық конгресті өткізді. Конгресс жұмысына 18 елден келген 280 компания, 450 адам қатысты. Конгресс шеңберінде венчурлық жәрмеңке өткізілді, онда Қор мен қазақстандық венчурлық қорлар іске асыратын 50-ден астам жобалар көрсетілді. Конгресс кезіндегі пленарлық отырыстарда Қазақстандағы инновациялық іс-әрекетін мемлекет тарапынан қолдау, елдің бәсекелестік қабілетіне инновациялардың әсері, Қазақстан экономикасындағы венчурлық инвестициялардың маңызы жөнінде спикерлер баяндады, сонымен қатар, төрт бағыт-бағдар(ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар, көмір-сутегі шикізатын өңдеу технологиялары, тамақ өнеркәсібіндегі технологиялар) бойынша дөңгелек үстелдер, Қазақстандағы инновацияларды қаржыландыру механизмдері, интеллектуалды меншік, инновациялық жобаларды, ТКЗ іске асыру жөніндегі сұраныстарды қазақстандық венчурлық қорларға беру жөнінде семинарлар өткізілді. Дөңгелек үстелдерінде салалар мәселелері талқыланды, қатысушылар инновациялық жобаларды ұсынды, 15 жобаның қаржыландырылу мүмкіндігі қарастырылды. Конгресс барысында "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ мен "Shell" компаниясы Өзара түсіністік пен Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. сонымен қатар "Start-up Kazakhstan" байқауының лауреаттары марапатталды.
Ұйымдастырушы: "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ құрамына кіретін "Ұлттық инновациялық қор" АҚ Өткізілген мекен-жайы: "Бақшасарай" қабылдау үйі ( "Атакент" көрме орталығы, Тимирязева, 42) Бас демеуші:
![]() Демеушілер:
Ақпараттық демеушілер:
|
Қазақстан Республикасы
Алматы қ.:
050013, Наурызбай батыр кош,154-а, 5-ші қабат
Біздің телефондарымыз:
Факс: +7 (727)259 98 39.
E-mail: info@nif.kz


