Русский     English     |
БайланысБізге жазыңыз
 
Главная  >  Жаңалықтар мен оқиғалар  >  Қоғамдық іс-шаралар  >  Start-UP Kazakhstan байқауы 

Start-UP Kazakhstan байқауы

"SТART-UP KAZAKHSTAN" байқауы жайлы қысқаша ақпарат
 
"Ұлттық инновациялық қор" АҚ университеттік технологиялық бизнес-инкубаторлардың желісін (УТБИ) құруға және университеттік технологиялық бизнес-инкубаторлар арқылы дамудың бастапқы кезеңіндегі инновациялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған республикалық Start-up Kazakhstan жарысын ұйымдастырды. Технологиялық бизнес инкубаторларды Қазақстан Республикасының қазіргі кезде бар жоғарғы оқу орындарының базасында құру көзделіп отыр.

Жарыс 2 кезеңнен тұрады:
    - УТБИ жеңімпаздарын таңдау және анықтау;
    - START-UP жобаларды таңдау.

Жарыс 70 қазақстандық технологиялық жоғарғы оқу орындарының арасында өткізілді. Start-UP Kazakhstan жарысының 2007 жылғы жеңімпаз болып келесі жоғарғы оқу орындары табылды:
- Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік  техникалық университеті;
- РМКМ Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
- Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
- Қазақстан-Британия техникалық университеті АҚ;
- РМКМ Жәңгірхан атындағы Батыс-Қазақстан агротехникалық университеті;
- РМКМ Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті.
        
2007 жылдың 30 шілдесінен 1 тамызына дейін "Start-up Kazakhstan" жарысының жеңімпаздарына арналған “Бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру және басқару тәжірибесі. Инновациялық жасалымдарды коммерциялау” тақырыбында тренинг өткізілді. Бас спикер ретінде тренингке "Technion" технопаркінің Бас директоры Моше Каценельсон (Израиль) шақырылды.     

.
 
 
 

 
 
 

Қазақстан Республикасы
Алматы қ.:
050013, Наурызбай батыр кош,154-а, 5-ші қабат
Біздің телефондарымыз:                +7 (7...       , 259 98 17, 259 98 18
Факс: +7 (727)259 98 39.
E-mail: info@nif.kz