Русский     English     |
БайланысБізге жазыңыз
 
Главная  >  Жаңалықтар мен оқиғалар  >  Қоғамдық іс-шаралар  >  NIF$50k инновациялық бизнес-жоспарлардың IV байқауы 

NIF$50k инновациялық бизнес-жоспарлардың IV байқауы

Жыл сайын Қор инновациялық бизнес жоспарларының  NIF$50k байқауын өткізеді. Конкурстың басты мақсаты – жастарға өз ісін бастауға мүмкіндік беру, Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму саясатына сәйкес, студенттердің кәсіпкерлік және инновациялық іс-әрекеттерін қолдау.

 Байқауға қатысушылар
"NIF$50K" байқауы жасы 30-дан аспайтын, оқу түріне қарамастан, (күндізгі, сырттай) ҚР жоғарғы оқу орындар студенттері (бакалаврлар, магистранттар), аспиранттар мен докторанттар, колледж студенттерінің арасында өткізіледі.
 
Байқауға өтінімхат, бизнес-концепция және ЖОО-нан анықтама қағазын алып келген командалар қатыса алады. (Анкетті қараңыз);

Командалар 3-5 адамнан құралуы тиіс. Қатысушылар өздерінің бизнес-концепциясын байқауды ұйымдастырушыларға  50k@nif.kz немесе nif50k@nif.kz мекен-жайы бойынша 3-наурыз бен 1-қазан аралығында жіберуі керек (1-қазанда жұмыс уақыты аралығында сағат 18.00-ге дейін).

Байқаудың басты тақырыптары:
ақпараттық технологиялар
биотехнология мен фармацевтика
альтернативті энергетика

Байқаудың сарапшы комиссиясы:
Қор қызметкерлері
Венчуристер
Кәсіпкерлер
Демеуші/серіктес компаниялар өкілдері
Комиссияның ақырғы тізімі 2008 жылдың 1 қыркүйегінде жасалып, www.nif.kz сайтында байқау бетінде жарияланатын болады.

Өтінімхаттарды қабылдау  3 наурыз бен 1 қазан аралығында (2008 жыл) жүреді.
Жартылайфиналистерді анықтау мақсатымен бірінші төрелік 7-17 қазан аралығында өтеді. Сонан соң анықталған жартылайфиналистер Алматы қаласына бизнес-жоспар жасауды үйрену сабақтарына келеді.
Екінші төрелік және жеңімпаздарды анықтау 18 қарашада өтеді.
Қорытындылар 19 қарашада (2008 жыл) Алматы қаласында өтетін марапаттау рәсімі барысында жарияланады.

Жартылайфиналистер

Ұпайлар кестесі I кезең

Байланыс мәліметтері:
Байқауға қатысты барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз:
Райхан Жаломбетова тел. + 7 727 599-816 ( 131)
факс + 7  259 98 37
50k@nif.kz немесе  nif50k@nif.kz 

 

 

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТ                     

 

Байқаудың басты қызметі:
• Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму саясатына сәйкес, студенттердің кәсіпкерлік және инновациялық іс-әрекеттерін қолдау.
• Қазақстандық ЖОО инновациялық ортаны қолдау

Байқаудың басты мақсаты:
• Ең ұтымды бизнес-жоспар жасаған жеңімпаз команданы таңдап, өзінің бизнес-жоспары бойынша оны іске асыру

Байқаудың басты жүлдесі:
• 50 мың АҚШ доллары гранты

 Байқауға қатысушылар: 
• жасы 30-дан аспайтын, оқу түріне қарамастан, (күндізгі, сырттай) ҚР жоғарғы оқу орындар студенттері (бакалаврлар, магистранттар), аспиранттар мен докторанттар, колледж студенттерінен құралған 3-5 адамнан тұратын команда.

Жеңімпаз команда өзінің бизнес жобасын іске асыру үшін 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантты иеленеді.
 
NIF$50k бірінші ресми байқауы Қазақстанда 2005 жылы өтті. Басты жүлде – 50 мың АҚШ долларын құрайтын грантты  "Интернет-қор орталығы" жобасымен "Data-X" шымкенттік командасы ұтып алды.

NIF$50K II инновациялық бизнес-жоспарлар байқауына ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар және альтернативті энергетика  саласы бойынша Қазақстанның түпкір-түпкірінен 80 астам команда қатысты. Жеңімпаз – "Жаңа АТ-технологияларын пайдалану арқылы компьютерлер класстарының есептеуіш машиналар паркін модернизациялау" жобасын ұсынған өскемендік New Wave  командасы. 2006 жылы байқауға Shell компаниясы қолдау көрсетті.

"Керемет" командасы өздерінің "Орысшадан қазақшаға және керісінше аударумен айналысатын интернет-бағдарланған жүйесін құру" (Астана қ.) жобасымен жеңіске жеткен болатын. 2007 жылы байқауға Microsoft Kazakhstan, Cisco,  Глотур компаниялары демеушілік көрсетті.

2008 ж. Бас демеуші:

2008 жылы ақпараттық демеушілік көрсеткен:

www.nauka.kz       www.pharmnews.kz        www.seminar.kz       www.univer.kz                

 

 

 

 




 

 

Байланыс мәліметтері

 

  nif50k@nif.kz 


  50k@nif.kz


 факс + 7 (727) 259 98 37

 

Райхан Жаломбетова

 

 + 7 (727) 259 98 16 ( ішкі.131)

 
 
 

 
 
 

Қазақстан Республикасы
Алматы қ.:
050013, Наурызбай батыр кош,154-а, 5-ші қабат
Біздің телефондарымыз:                +7 (7...       , 259 98 17, 259 98 18
Факс: +7 (727)259 98 39.
E-mail: info@nif.kz