2-ші семинар жайлы ақпарат
2008 жылы 27 маусымда Астана қаласында "Табысты бизнес-жоспарды қалай жазу керек" атты семинар өтті
Инновациялық жобаны қалай ойластыру керек? Бизнес-жоспарды қалай жазу керек? Бұл Ұлттық Инновациялық Қор қызметкерлеріне жиі қойылатын сауалдар. Іске асатын, сәтті бизнес-жоспар жасауға көмектесу үшін Қор Innodev (innovation development) бағдарламасының аясында семинарлар топтамасын өткізді.
Бірінші дәріс 2008 жылы 30 мамырда Алматы қаласында болған. Екінші семинар 2008 жылы 27 маусымда Астана қаласында өтті. Біркүндік курс бизнес-жоспарлауды үйретуге бағытталған.
Семинарға кімдер қатыса алады?
Семинар сабақтарына Қор қарауына өздерінің бизнес-жоспарларын тапсырушылар (кәсіпкерлер, Жоғарғы оқу орнының оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, студенттер) қатыса алады. Дәрістерді өзге қала тұрғындары да тыңдай алады, алайда Қор олардың тұрғын үй мәселесі және т.б шешуге міндетті емес.
Сабақтар ақылы түрде өте ме?
Қор қарауына өздерінің жоспарларын тапсыратын азаматтар семинарларға ақысыз қатысады. Ұйымдастырушылар кез келген азаматтың семинарға қатысамын деген талабын қанағаттандырмауына толық құқылы.
Семинар сабақтарын кім өткізеді?
Оқытушы Максим Гандрабура – IGM консалтингті компаниясының кәсіби жаттықтырушысы. 
Әрбір семинарда қатысушылардың сұрағына жауап бере алатын Қор қызметкері міндетті түрде болады.
Семинарға қатысу үшін міндетті түрде тіркеу үлгісін толтыру қажет (www.nif.kz сайтының Innodev бөлімінде) және оны мына мекен-жай бойынша жіберу керек:
alexandra.shin@nif.kz немесе факс (727) 2 599 839
қосымша ақпарат: Алматы қ. 727) 2 599 817 (16)
үйлестірушілер: Гапон Людмила мен Шин Александра alexandra.shin@nif.kz
Ақпараттық демеушілер:
www.nauka.kz www.seminar.kz
________________________________________
1-ші семинар жайлы ақпарат
2008 жылы Алматыда (Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі) "Табысты бизнес-жоспарды қалай жазу керек" тақырыбында 1-ші семинар өтті.
Ұлттық инновациялық қор бастамасын көтерген "Табысты бизнес-жоспарды қалай жазу керек" семинары 2008 жылы 30 маусымда Алматы қаласында өтті. Біркүндік курс бизнес-жоспарлауды үйретуге бағытталды.
Семинар сабақтарына Қор қарауына тапсырылаын бизнес-жоспарларын құрастырушылар (кәсіпкерлер, Жоғарғы оқу орнының оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, студенттер және т.б) шақырылды Семинарға қатысу үшін 29 адам тіркелді.
Семинарға қатысушыларды тарту үшін "ҰИҚ" АҚ www.nif.kz сайтында INNODEV арнайы ашылған тарауында, www.rabota.kz және www.nauka.kz сайттарында ақпарат орналастырылды. Сонымен қатар ақпарат Қордың News letter жарияланды және венчурлық қорлар, технопарктер, ЖОО, даму институттары, "Қазына" АҚ, Инновациялық Конгреске қатысушыларға таратылды.
Қор қарауына өздерінің жоспарларын тапсыратын азаматтар семинарларға ақысыз қатысты. Семинар оқытушысы Максим Гандрабура – IGM консалтингті компаниясының кәсіби жаттықтырушысы. (IGM консалтингті компаниясының негізін 1998 жылы қалады. Инвестициялық консалтинг саласында 1996 жылдан бастап қызмет етеді. Инвестициялар және даму стратегиясы бойынша қазақстандық және шетелдік компанияларға кәсіби қызмет көрсетуде үлкен тәжірибесі бар)
"Ұлттық инновациялық қор" АҚ қызметі жайында қойылған сұрақтарға жауап беретін сарапшы ретінде корпоративтік даму департаментінің директоры Иванов Олег қатысты.
Жоба үйлестірушілері : Алма Рамазанова мен Салтанат Жундибаева
________________________________________
Ақпараттық демеушілер:

________________________________________