Facebook

Басқарма

Құзіретті өкіл 
Құлсейітов Айдын Жеңісұлы

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің құзіретті өкілі. Ұлттық инновациялық қорда 2009 жылғы қыркүйектен бастап қызмет жасауда. Еңбек жолы 15 жылды құрайды, оның ішінде мемлекеттік қызметте – 8 жыл, жетекшілік лауазымдағы тәжірибе ауқымы – 8 жыл. Қорға дейінгі уақытта ҚР Президенті Әкімшілігінде (Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі жетекшісінің орынбасары), ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде (Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаменті директоры) еңбек еткен. Сондай-ақ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Стратегиялық жоспарлау және үлестірушілік сараптама департаменті директоры, Индустриалды саясат департаменті директоры лауазымдарында жұмыс жасаған. 

1997 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және көлікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті қарамағындағы мемлекеттік қызмет агенттігін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Техникалық ғылымдар кандидаты.
Мұнымен қоса, әр жылдары Жапонияда «Жеңіл өнеркәсіпті дамыту», Кореяда «Экономикалық дамыту стратегиясы», Сингапурда «Үдемелі және тұрақты өнеркәсіп дамуы: Сингапур тәжірибесі» тақырыптарында қосымша білім алған. 

1976 жылғы 9 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш баланың әкесі.



Құзіретті өкілдің орынбасары
Сұлтанғазин Әнуарбек Жәлелұлы  

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің құзіретті өкіл орынбасары. Ұлттық инновациялық қорда 2010 жылғы маусымнан бастап қызмет етуде. Қорға дейінгі уақытта «Арна медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-та (Басқарма төрағасының орынбасары), ҚР Қаржы министрлігінде (жауапты хатшы, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттінде (Төраға орынбасары) еңбек еткен. Сондай-ақ, әр жылдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінде, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша есеп комитетінде қызмет еткен.

1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

2007 жылы «Құрмет» орденімен, 1986 жылы ереулі еңбек медалімен, 1984 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің мақтау қағазымен мадақталған.
1956 жылғы 20 қарашада дүниеге келген. Үйленген, екі баланың әкесі.


Құзіретті өкілдің орынбасары
Бектеп Мүслім Хайдарұлы

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің құзіретті өкіл орынбасары. Ұлттық инновациялық қорда 2011 жылғы сәуір айынан бастап қызмет жасауда. Қорға дейінгі уақытта «Қазақстан даму банкі» АҚ-та (вице-президент, басқарушы директор – Басқарма мүшесі), ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде (Көлікті бақылау комитеті төрағасының орынбасары, «АӨО» РМК бас директорының орынбасары) еңбек еткен. Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар бойынша агенттігінде, «Казметаллбанк» коммерциялық банкінде, «Өрле» өндірістік-қаржылық корпорациясында, Минералды шикізат Қазақ ұлттық зерттеу институтында жұмыс жасаған.

1985 жылы Қазақ политехникалық институтын «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы жобалық қаржыландыру бойынша Токиодағы Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінде, 2004 жылы жобалық сараптама бойынша Азия және мұхит елдері институттарын дамыту қауымдастығында қосалқы білім алған.

Минералдық шикізатты қайта өңдеу технологиясы саласындағы ғылыми мақалалар мен өнертабыстар авторы.
1964 жылғы 20 ақпанда дүниеге келген. Үйленген, 4 баланың әкесі. 


Құзіретті өкілдің орынбасары
Тұрлыбеков Нұрдәулет Саттарханұлы 

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің құзіретті өкіл орынбасары. Ұлттық инновациялық қорда 2011 жылғы сәуірден бастап қызмет етуде. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қозғалмалы мүлік қоры» АҚ-та басқарушы директор қызметін атқарған. Әр жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-та жобаларды қаржыландыру департаменті директоры, KPMG қаржылық консультанты, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-та менеджер болып еңбек еткен. 

Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының түлегі. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегері, Лондон экономика мектебінің қаржы және бухгалтерия саласы бойынша магистрі.

 







Басқарма директорлар


Басқарушы директор – Инновацияны қолдау сервистік құралдарды әкімдеу орталығының директоры
Есенғазина Гүлнәр Қабдешқызы

Ұлттық инновациялық қорда (қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) 2011 жылғы сәуірден бастап қызмет етуде. Жалпы жұмыс тәжірибе барысы 29 жылды құрайды, оның ішінде оқытушылық жұмыс бойынша – 9 жыл, жобалық қызметтер бойынша – 20 жыл. Қорға дейін «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-та (басқарушы директор – Басқарма мүшесі, вице-президент, инжиниринг департаменті директоры, ғылыми-техникалық жасақтарды коммерциализациялау департаменті директоры, бас менеджер, менеджер) қызмет еткен.

Сонымен қатар, ҚР Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, БҰҰЖБ, «Центр Аудит» ҰАК-та, Қостанай ауыл-шаруашылық институтында еңбек еткен.

Алматы халықтық шаруашылық институтында «Бухгалтерлік есеп пен шаруашылық қызмет сараптамасы» мамандығын, Мәскеу қаласындағы Халықаралық тәуелсіз экология- политологиялық университетінде «Экологиялық аудит» бағдарламасын тәмамдаған.

Бірнеше ғылыми жариялымдардың авторы. Сондай-ақ, келесі салалар бойынша 30-дан астам сертификаттың иегері болып табылады: «Лин-практик», лин-технологиялар, стратегиялық жоспарлау, бәсекелестік пен салалық сараптама, халықаралық бизнес, ISO стандарты, жобаларды басқару бойынша (UPMA «С» деңгейі бойынша кәсіби-жобалық менеджері.C.01.00154), Киот хаттамасы бойынша халықаралық баға беру, экономикалық және инвестициялық жобаларды сараптау.

Жапонияда (Motomachi зауыты, Тойота корпорациясы), Таиландта Лин технологиялар, Германияда Халықаралық бизнес менеджері тақырыбы, АҚШ-та Экологиялық және қаржылық аудит бағыттары бойынша қосымша білім алған. Сонымен қатар, Финляндия, Франция, Бельгия, Нидерланды және т.б. елдерінде қосымша оқу бағдарламаларын тәмамдаған.

Жобаларды техникалық сараптау мен ұсыныстарды инвестициялық сараптау жобаларын жетелеген, техника экономикалық негіздемелерді жасақтау бойынша белсенді жұмыс атқарған.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

1966 жылғы 29 қарашада Қостанай облысында дүниеге келген. Тұрмыс құрған, бір баланың анасы.



Басқарушы директор – Инновациялық жобаларға сарапшылық көмек көрсету орталығының директоры
Рахимов Расул Нұрланұлы

Ұлттық инновациялық қорда (қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) 2009 жылдың қазанынан жұмыс істейді. Қорға келуден бұрын ҚР Президентінің Әкімшілігінде (Стратегиялық әзірленімдер мен талдау орталығының кеңесшісі), ҚР Индустрия және сауда министрлігінде (Индустриалдық саясатты үйлестіру басқармасының бастығы), «УМЗ» АҚ (маркетинг жөніндегі инженер, берилий өндірісінің инженер-технологі, 4-санаттағы аппаратшы) жұмыс істеген. Brush Wellman Co (АҚШ) берилий өндірісінде іс-тәжірибеден өткен.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша (2000 ж.), С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Шет тілдері» мамандығы бойынша (2002 ж.) бітірген. 2004 жылғы қыркүйекте Коттбус қаласындағы (Германия) Бранденбург техникалық университетінің магистратурасын «Қоршаған орта менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдады. Екі жылдан кейін ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы бойынша Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) «Қоршаған ортаны өзгерту және менеджмент» магистратурасын аяқтады.

Ағылшын, неміс және орыс тілдерінде сөйлейді.

1978 жылы 29 тамызда Өскемен қаласында дүниеге келген. Отбасылы, бір баласы бар.



Басқарушы директор – Технологияларды коммерциализациялау жүйелерін үйлестіру орталығының директоры
Бишімбаева Сәуле Қозыкейқызы

Ұлттық инновациялық қорда (қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) 2009 жылғы тамыздан бастап қызмет етуде. Оған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратында (ақпараттық-сараптамалық бөлім меңгерушісінің орынбасары), Халықаралық бизнес университетінде (UIB) (Астана қаласындағы өкілдік директоры), ҚР Президенті қарамағындағы мемлекеттік қызмет академиясында («Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасының меңгерушісі, Академияның бас хатшысы), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде («Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары), «Астана Холдинг» қазақ холдингтік компаниясында (Қаржылық-сараптамалық бөлім менеджері), «Южказглавснаб» материалдық-техникалық қамту бойынша Оңтүстік-Қазақстандық басқармасында (экономикалық бөлім экономисті) еңбек еткен.

Алматы халықтық шаруашылық институтында «Экономика және материалдық техникалық қамтуды жоспарлау» мамандығын тәмамдаған. ҚР Ғылым Академиясы – Ғылым министрлігі Экономика институтының аспиранты. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің докторанты. Сонымен қатар, М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінде «Юриспруденция» мамандығын игеріп шыққан. .

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мұнымен қатар, Индияның Ауыл-шаруашылықты дамыту институтында «Ауыл-шаруашылық үшін орталықтандырылған жоспарлау» халықаралық бағдарламасы бойынша, Малайзияның кооперативті колледжінде «Адам ресурстарын басқару» тақырыбы бойынша қосымша білім алған. Макс Планк атындағы (Германия) интеллектуалдық меншік, бәсекелестік пен салықтық құқық институтының гранты бойынша ғылыми тәжірибеден өткен.

Инновацияны коммерциализациялау облысындағы 50-тан астам ғылыми жариялымдардың авторы.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

1966 жылғы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген.



Басқарушы директор – Инновациялық инфрақұрылымды дамыту орталығының директоры
Могильный Сергей Валерьевич

Ұлттық инновациялық қорда (қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) 2011 жылғы маусымнан бастап қызмет етуде. Қорға дейін «ҚазАгроИнновация» АҚ-та (бақарушы директор, вице-президент), «Инжиниринг және технологиялар трансферті ортлалығы» АҚ-та (Инновациялық инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры, вице-президент) жұмыс жасаған. Сондай-ақ, әр жылдары «Қазақстан даму банкі» АҚ-та, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-та, «Біріккен химиялық компания» АҚ-та еңбек етен.

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мелекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура, «Экономика және халықтық шаруашылықты басқару» мамандығы бойынша аспирантура дәрежесін игерген.

Бірнеше ғылыми жариялымдардың авторы. Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын, ауыл-шаруашылық кешенді дамыту салалық бағдарламасын жасақтауға, ғылыми-техникалық дамыту салааралық жоспарды жасақтауға қатысқан.

Орыс, ағылшын және қазақ тілдерін меңгерген.

1979 жылғы 7 қарашада туған.



Басқарушы директор – Инновациялық үрдістерді жетелеу сараптамалық орталығының директоры
Сәлімов Жұматай Қабдоллаұлы

Қорда (қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) 2010 жылғы қазаннан бастап қызмет етуде. Қорға дейін ҚР Экономикалық дамыту және сауда министрлігінде (Салалық экономиканы дамыту департаментінің директоры), ҚР Президенті Әкімшілігінде (консультант, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы) жұмыс жасаған.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Елтану» мамандығын игеріп шыққан. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Америка университетінің мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған. Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін игерген.

Америка университетіндегі мемлекеттік басқару мектебіндегі Джон Д. Янг атындағы арнайы премия иегері, АҚШ-тағы Мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару облысы бойынша Ұлттық құрмет қоғамының мүшесі болып табылады.

Ағылшын, урду және хинди тілдерін меңгерген.

1983 жылғы 14 қазанда туған туған. Үйленген.



Басқарушы директор - Инвестициялық жобалар және мониторинг орталығының директоры
Мукажанов Бектас Амангельдинович

 
Ұлттық инновациялық қорда (қазіргі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік) 2011 жылғы шілдеден жұмыс істейді. Қорға келер алдында  «ООИУПА «Жетысу» АҚ (Басқарушы директор – Басқарма мүшесі), «НПФ «БТА Казахстан» АҚ (Тәуекелдерді басқару «Самұрық-Қазына» ҰҚҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорында,  «Ренессанс Капитал»,  «Эйр Астана» Ақ жұмыс істеген.
 
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері» мамандығы (2005 ж., біліктілігі  - инженер) бойынша тәмамдаған. Болашақ президент бағдарламасының шәкіртақы алушысы, Ақпараттық технологиялар және  менеджмент саласында магистр (Keele University - Ньюкасл, Ұлыбритания).
CFA кандидаты(Сертификтталған  қаржы аналитигі) - 2011 жылы 3-ші дәрежеемтиханын сәтті тапсырды.
 
Орыс, ағылшын және қазақ тілдерін меңгерген.
 
1983 ж. туған. Үйленген, баласы бар.