Facebook

Директорлар Кеңеci

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, Директорлар кеңесінің төрағасы

1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша – Дж.Вашингтон атындағы Университеттің жанындағы Менеджмент және Бизнес мектебін (АҚШ) бітірген. Оған Бизнесті Басқару Магистрі дәрежесі берілген. 2002 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша  тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстанның даму банкі» АҚ бас менеджері қызметінен бастаған. 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары, Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті Функционалдық талдау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2003 жылдан бастап «Ұлттық инновациялық қор», «Маркетингтік және аналитикалық зерттеулер орталығы», «Ордабасы» корпорациясы» АҚ басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымдарында болған.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі міндетін атқарған.

 

Төлеушин Қаныш Аманбайұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі

1983 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген.

2004 жылы Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы   Оксфорд Брукс Университетін (Оксфорд, Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.

2004 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Темірбанк» АҚ жұмыс істеген (бухгалтер-операцияшы, есеп айыру-кассалық бөлімінің бастығы).

2006 жылы – «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, кеңесші.

2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін – «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, бас сарапшы.

2007 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инновациялық саясат басқармасының бастығы қызметінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қызмет атқарған.

2008-2011 жылдар аралығында – ҚР Президентінің Әкімшілігінде (кеңесші, сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары).

2011 жылы тамызда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі лауазымына тағайындалды.

 

Құлсейітов Айдын Жеңісұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы

1976 жылы 9 шілдеде Өскемен қаласында  дүниеге келген.

1997 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің инженерлік-экономикалық факультетін инженер-экономист мамандығы бойынша өте жақсы деген бағамен бітірген. 2004 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік басқару» мамандығын үздік тәмамдаған.

Одан басқа, Жапонияда (Жеңіл өнеркәсіпті дамыту, қыркүйек-қараша), Кореяда (Экономикалық даму стратегиясы, 2009 ж. маусым) және Сингапурда (Қарқынды және тұрақты өнеркәсіптік даму: Сингапур тәжірибесі, 2008 ж. қыркүйек-қазан) және т.б. қосымша оқудан өткен.

Техника ғылымдарының кандидаты.

Жалпы жұмыс өтілі - 15 жыл, мемлекеттік қызметте – 8 жылдан аса, оның ішінде басшылық лауазымда – 8 жыл. Қорға келгенге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінде (Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары), ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде (Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры) жұмыс істеген. Сондай-ақ басқа уақыттарда ҚР Индустрия және сауда министрлігінде (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Индустриялдық саясат департаментінің директоры, Өскемен қаласында Стратегиялық жоспарлау және еркін талдау департаментінің директоры), Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасында және т.б. қызмет атқарған.

2009 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – («Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқармасының Төрағасы.

 

Кадюков Николай Викторович

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

1959 жылы дүниеге келген.

1980 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1999 жылы   Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Халық шаруашылығы академиясын «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2007 жылы   Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы «Буревестник» ЕСҚ Қарағанды облыстық кеңесінде бастаған. 1986 жылдан бастап 1991 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 1991 жылдан бастап 1995 жылға дейін Мәскеу қаласындағы «Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кәсіпорындарының іскерлік ынтымақтастығына көмектесу қауымдастығының» коммерциялық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары, 1996-1997 жылдар аралығында – Алматы қаласындағы «Мақсат» акционерлік банкінің менеджері, 1997-1998 жылдар аралығында «Қарағанды-Карбид» АҚ басқарушысы болып қызмет атқарған.

1998 жылдың тамызынан бастап 199 жылдың желтоқсанына дейін «Кәсіпорындарды қайта құру және жою агенттігі» ААҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары міндетін атқарған.

1999 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып тағайындалған.

2000 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқаруда.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.

 

Орынханов Мұрат Қадесұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі

Орынханов Мұрат Қадесұлы Новосібір мемлекеттік университетінің математика факультетін, кейін  КСРО ҒАСБ Есептеу орталығының аспирантурасын тәмамдаған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ассистент, аға оқытушы, қолданбалы математика кафедрасының доценті, математикалық модельдеу кафедрасының меңгерушісі, мехмат деканы, оқу ісі жөніндегі проректор лауазымдарында жұмыс істеген.

Есептеу математикасы және математикалық үлгілеу саласында жоғары білікті маман. Отандық ғылыми баспалармен қоса, халықаралық ғылыми баспаларда да 60-тан астам жарияланған ғылыми еңбектері, соның ішінде университеттердің студенттеріне арналған монографиясы мен оқулығы бар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Сандық тәсілдер» жалпы курсы бойынша дәрістер, сондай-ақ есептеу математикасы бойынша бірқатар арнайы курстар оқыған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобаның жетекшісі болған, оқу процесін жетілдіру, ғылыми еңбекті жандандыру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен тарту, халықаралық менеджмент сапасы жүйесін, несиелік оқыту технологиясын университетке енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізген.

 

Арсланова Зарина Фуатқызы

Тәуелсіз директор

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін саяси экономика мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты, саяси экономика мамандығы бойынша доцент. Сондай-ақ әр жылдары Кентукки университетінде («Қаржылық талдау»), Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институтында («Жобаларды талдау», «Қаржы-банк саласындағы тәуекелдерді басқару», «Бизнес-жоспарлау және кәсіпорындарды қайта құру», «Банктік несие саясаты және инвестицияларды қаржыландыру»), Азиаттық өнімділік ұйымында (Токио, «Өнімділік және шешім қабылдау процесі»), АҚШ Сауда-өндірістік палатасының Жеке кәсіпкерлікті қолдау орталығында («Корпоративтік басқару») және т.б. қосымша оқудан өткен.

Әр жылдары Корпоративтік басқару жөніндегі кеңестің мүшесі (American Chamber of Commerce), аудиторлар сертификациясы бойынша комиссия мүшесі болған. 2006 жылдан бері Қазақстанның Копоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің мүшесі болып табылады.

Дүниежүзілік банктің түрлі бағдарламалары қызметінің жетекшісі мен үйлестірушісі, Қазақстанда актуарийлерді даярлау жөніндегі алғашқы бағдарламаның жетекшісі, «Қазақстандағы корпоративтік басқару негіздерін құру» CIPE жобасының жетекшісі, Халықаралық бизнес университеті ректоры қызметін атқарған. 2007 жылдан AXIS Corp. президенті болып табылады. Сондай-ақ 2007 жылдан «ҰИҚ» АҚ Директорлар кеңесінде.

 

Нұғманов Темір Ерсайынұлы

Тәуелсіз директор, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры

1970 жылы дүниеге келген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік заң институтын, сондай-ақ осы жоғары оқу орнының аспирантурасын үздік тәмамдаған.

Тәжірибелік еңбек жолын ҚР Әділет министрлігі Құқық қорғау және мемлекеттік құрылыс басқармасының маманы ретінде бастаған. ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Жоғарғы сот аппаратының, «ҚазМұнайГаз» АҚ заң қызметінде жауапты лауазымдарда, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) аппарат басшысының орынбасары, ҚР Президентінің Іс басқармасының ведомствоға қарасты кәсіпорнының директоры, «Атамекен» ҰЭП құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

2011 жылдың маусымынан бастап – «Lex-Kz» ЖШС тең құрылтайшысы және бас директоры.

 

Жүнісова Индира Бағилқызы – корпоративтік хатшы

Тел.: +7(7172)517025 ( вн .105) 

E-mail: Indira.Junussova@nif.kz