Коммерциализация
Коммерцияландыру – нарыққа жаңа және жақсартылған өнімдер, қызметтер шығару мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірленімдер нәтижелерін немесе коммерциялық нәтижеге қол жеткізетін үдерістерді практикалық пайдаланумен байланысты үдеріс.
Ол, әдетте, ғылыми зерттеулер аяқталып, коммерциялық тұтынушылар үшін құндылық ретінде танылатын қасиеттер мен басымдылықтарға ие, нақты анықталған өнім не қызмет бар болған жағдайда басталады.
Өнім нарыққа шығарылған кезде – көбінесе, залалсыздық нүктесіне қол жеткен кезде, яғни сатылымнан түскен табыс операциялық шығындардан асқанда, коммерцияландыру аяқталады. Коммерцияландырудың үш негізгі нысаны бар:
- Технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жаңа бизнес жобаны іске қосу;
- Бұрыннан бар бизнеске технологияны пайдалану рұқсатнамасын сату;
- Техникалық кеңес беру, талдау және сараптау, т.б. қызметін көрсету арқылы технологияларды пайдалану және келісімшарттар бойынша зерттеулер.
Қордың технологияларды коммерцияландыру жүйесін үйлестіру орталығы
Орталық келесі қызметтерді жүзеге асырады:
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарына коммерцияландыру кеңселерін құрып, іске қосуға және коммерцияландыру бойынша әлеуетті жобаларды анықтауға көмек;
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары оқу орындарымен, коммерцияландыруды қолдау үшін құрылған инфрақұрылыммен, инновациялық жобаларды коммерцияландыру саласындағы бизнес құрылымдар және инновациялық даму институттарымен қарым-қатынас;
- Бизнес тұжырымдарды ұсынушылармен бірлесіп, жобаларды нарықта ілгерілетудің тиімді стратегиясын әзірлеуде әдіснамалық көмек;
- Коммерцияландыру бойынша жобалар тұжырымдамаларының негіздемесін дайындауда ғылыми-зерттеу ұйымдарына консультациялық қызмет көрсету;
- Коммерцияландыру инфрақұрылымының қызметкерлеріне зияткерлік меншікті қорғау саласында құқықтық мәселелер бойынша кеңес және білім беру;
- Коммерцияландырылатын жобалар, патенттер, ықтимал инвесторлар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен кәсіпорындар бойынша деректер базаларын құру және басқару;
- Жергілікті және шетелдік консультанттарды тарту және олардың жұмысын үйлестіру;
- Ғылыми-зерттеу ұйымдары және бизнес бірлестіктер өкілдерін шоғырландыратын семинарлар мен конференциялар өткізу;
- Коммерцияландырылатын жобалар бойынша ақпараттық материалдар, оның ішінде көрмелер мен түрлі форумдарға материалдар дайындау.