Facebook

Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасындағы инновациялық іс-әрекетті ынталандыру, ілгері инновациялық экономикасы бар елдердің ұлттық инновациялық жүйелерімен (бұдан әрі - ҰИЖ) шешуші ұйымдарымен халықаралық байланысты нығайту, технологиялық трансферт жүйесін дамыту, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік инновациялық саясаттың басымдықтарын есепке ала отырып, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ (ҰИҚ) АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Бельгия, Финляндия, Израиль, Түркия, Корея, Малайзия, Ресей, т.б. елдердің инновациялық ұйымдарымен халықаралық әріптестік жүргізеді. Қор, сондай-ақ, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК), Еуропалық одақ (ЕО Рамалық бағдарламаларының жұмысы аясында), Экономикалық әріптестік және даму ұйымы (ЭӘДҰ), Дүниежүзілік инновациялық қор (ДИҚ) сияқты халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Қор Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕЭҚ) шеңберінде бірігу бойынша Еуразиялық инновациялық жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарына белсене қатысады.

«ҰИҚ» АҚ халықаралық әріптестігі бойынша шешуші шара ретінде дәстүрлі түрде Астана экономикалық форумы аясында өткізілетін Инновациялық конгресті атауға болады. Халықаралық әріптестікке жетекшілік ететін Қордың сыртқы байланыстар департаменті Инновациялық инфрақұрылымды дамыту орталығымен бірлесіп, Қазақстандық-корейлік технологиялық әріптестік орталығын, Қазақстандық-германдық технологиялар трансферті орталығын құру жұмыстарымен айналысуда.

«ҰИҚ» АҚ базасында 2010 жылдан бері Қазақстандық-франциялық технологиялар трансферті орталығы табысты жұмыс істеп келеді.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ әріптестері (елдер бойынша тізім):

Франция Республикасы

Еуропалық стратегиялық консалтинг компаниясы (CEIS)

Мемлекеттік өнеркәсіптік-коммерциялық мекеме OSEO

Түркия

Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеу кеңесі (ТУБИТАК)

Корей Республикасы

Корей ғылыми және технологиялық бағалау мен жоспарлау институты (КИСТЕП)

Корей технопарктер қауымдастығы (КТА)

Корей индустриалды кешен корпорациясы (KICOX)

Корей инновациялық кластер қоры (Даедеок иннополис)

Ғылыми және технологиялық саясат институты (STEPI)

Малайзия

Мультимедиа Девелопмент Корпорэйшн (MDEC)

Малайзиялық микроэлектронды жүйелер институты (MIMOS Berhad)

Израиль мемлекеті

L.N. Technological Entrepreneurship

Германия Федеративтік Республикасы

Фраунхофер IFF фабрикалық өндірісті автоматтандыру институты

Фраунхофер MOEZ Шығыс және Орталық Еуропа жөніндегі орталық

Германиялық халықаралық әріптестік қоғамы (GIZ)

INNO AG

Италия Республикасы

«Gamma Meccanica SpA»

Америка Құрама Штаттары

Азаматтық зерттеулер мен дамудың америкалық қоры

АҚШ Ұлттық ғылым академиясы

Колумбия университеті

T2 Venture Capital

MTPV компаниясы

Ресей Федерациясы

Ресей венчурлік қаржыландыру қауымдастығы

Финляндия

InnoPraxis International

Ұлыбритания

Жабық Ядролық Орталықтар жөніндегі Британдық Бағдарлама (CNCP)

HTSPE Ltd.



2010 мен 2011 жылдар аралығында әріптестік туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылған шетелдік компаниялар

1. Корей технопарктер қауымдастығы (Корей Республикасы)

2. Корей индустриалды кешен корпорациясы (Корей Республикасы)

3. Корей ғылыми және технологиялық бағалау мен жоспарлау институты (Корей Республикасы)

4. Ғылыми және технологиялық саясат институты (Корей Республикасы)

5. Фраунхофер IFF автоматтандыру институты (Германия Федеративтік Республикасы)

6. Фраунхофер MOEZ Шығыс және Орталық Еуропа жөніндегі орталық (Германия Федеративтік Республикасы)

7. Дүниежүзілік инновациялық қор (АҚШ-Ұлыбритания)

8. Safe ID solutions (Германия Федеративтік Республикасы)

9. Мультимедиа Девелопмент Корпорэйшн (MDEC) (Малайзия)

10. Даедеок Иннополис (Корей Республикасы)

11. Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеу кеңесі (ТУБИТАК) (Түркия)

12. Фраунхофер ИФФ, Қазақстандық индустрияны дамыту институты (үш жақты меморандум) (Германия Федеративтік Республикасы)

13. ЕО ғылыми-техникалық даму бойынша Жетінші Рамалық бағдарламасын қазақстандық ұлттық үйлестіру орталығы мен Қазақстандағы Ғылыми Зерттеулерді Қолдау жөніндегі Тәуелсіз Сараптамалық-Консультативтік Директорат (Қазақстан Республикасы);

14. «T2 Venture Capital» венчурлік компаниясы (Америка Құрама Штаттары Америки);

15. Бизнес-инкубатор «L.N. Green Technologies» (Израиль мемлекеті);

16. Ресейлік венчурлік қаржыландыру қауымдастығы (Ресей Федерациясы);

17. MTPV компаниясы (Америка Құрама Штаттары).