Facebook

Отандық венчурлік қорлар

Шетелдік венчурлік қорлар

Венчурлік қаржыландыру

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ технологиялық инновациялық бизнеске қаржы салатын, қазақстандық және және шетелдік капиталы бар венчурлік инвестициялық институттарын құруға қатысатын тұңғыш қазақстандық Қор болып табылады.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымдарына негізделіп, жергілікті инвесторлармен бірлесіп құрылған Қазақстанның отандық 4 венчурлік қорының әріптесі болып табылады: «Сентрас» венчурлік қоры, АИТИҚ» АҚ,  «Delta Technology Fund» венчурлік қоры, АИТИҚ» АҚ,  «Әрекет» Жоғары технологиялар Қоры» АҚ және «Logycom perspective innovations» АҚ.

 

Бұдан бұрын қор қазақстандық алты венчурлік қордың әріптесі болатын. 2010 жылы Қор отандық венчурлік «Адвант» және «Almaty Venture Capital» қорларынан 58.2 млн. теңге жалпы табыспен шықты. ҰИҚ-ның қазақстандық венчурлік қорларындағы үлесі 49%-ға дейін құрайды.

Венчурлік қорлардың инвестициялық саясаты экспорттық әлеуеті бар келешегі үмітті салаларда жобалар іздестіру мен тартуға бағытталған. Мұндай әріптестіктің мақсаты – болашақта өсуі үшін және экономикалық тиімді әрі сұранысқа ие өнім өндіру мүмкіндігі бар инновациялық жобаларды олардың дамуының түрлі сатыларында жеке және тартылған ақша есебінен инвестиция салу арқылы дамыту.

 Сондай-ақ, Қор Еуропа, АҚШ, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азияны қамтитын шетелдік бес жетекші венчурлік қорының әріптесі болып табылады. Олар: Wellington Partners III Technology Fund L.P., «CASEF, LLC» Орталық Азиялық шағын кәсіпорындарды қолдау қоры», Mayban Jaic Asian Fund, Венчурный фонд Vertex III Fund L.P.

 Бірлескен венчурлік қорларды құрудағы стратегиялық мақсат алдыңғы қатарлы батыстық технологияларға, оларды кейіннен Қазақстанға трансферттеу үшін, қол жеткізуге бағытталған. Бірлескен венчурлік қорларды құру, сондай-ақ, әлемнің жетекші технологиялық компанияларымен байланыс орнату үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Қор ұстанымы – білім, тәжірибе және технологиялар алмасудың ашық жүйесін құру. Әлемнің жетекші венчурлік қорларымен бірлесе жұмыс істей отырып, біз шетелдік инвесторлардың қаржылық капиталын тартып қана қоймай, сонымен бірге жоғары технологиялық компаниялармен әріптестіктің тұтас желісін құруға және қазақстандық ғылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға күш саламыз.