Facebook

Нормативтік-құқықтық база

Түсінік аппараты

"Өнімділік 2020" құралдары

Бюджеттік бағдарламалар

Анықтамалық ақпарат

Аналитическая справка

2020 өнімділігі

«Өнімділік 2020» Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық бағдарламасын, Мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Шетелдік инвесторлар кеңесінің 2010 жылғы 4 маусымындағы 23-пленарлық отырысының № 01-8.1 хаттамасын жүзеге асыру аясында әзірленген.

Бағдарлама Дүниежүзілік Банктің әдіснамалық қолдауымен әзірленген, кәсіпорындар қолданатын басқаратын және өндірістік технологияларды жетілдіру көмегімен қол жеткізілетін еңбек өнімділігін ұлғайту, сондай-ақ әрекет етіп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау (техникалық қайта жарақтандыру) мен жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру арқылы экономиканың басым салаларындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Мемлекеттік Үдемелі индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады. 2020 жылға дейінгі мақсатты индикаторлар ретінде Бағдарламаға қатысушы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін ең кемінде екі есе арттыру көзделген.

Республикалық бюджетте 2011 жылға 19,9 млрд. теңге қарастырылған.  Инновациялық гранттар мен заманауи басқаратын технологияларды енгізуге жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 1308 және тиісінше 2010 жылғы 30 қарашасындағы № 1291 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту мен технологиялық модернизациялауды қолдаудың 2010-2014 жылдарға арналған Бағдарламасы» мен «Елдің ғылыми-технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарында» көрініс тапқан. Келесі жылдарға республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттерді қалыптастыру барысында нақтыланатын болады.


Экономиканың жалпы өнімділігі оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнім шығаратын өңдеуші кәсіпорындар үлесінің көбеюі экономикадағы еңбек өнімділігі деңгейін біршама көтереді. Сондықтан мемлекет үшін оның өнімділігін арттыру, инновациялық әзірленімдерді, заманауи басқаратын технологияларды енгізу мен кәсіпорындардың негізгі қорларын модернизациялаудың өмірлік маңызы зор. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен модернизациялау (қайта жарақтандыру) және, әлбетте, заманауи басқаратын технологияларды енгізу ең бірінші міндет болып табылады.


Сонымен бірге еңбек өнімділігіне бизнестің инновациялық белсенділігі, мықты бренд, қызметкерлердің біліктілігі, өткізудің тартымды нарығына қолжетімділік, бәсекеге қабілетті ортаның сапасы, өнімді не қызметті өткізе және сата білу қабілеті де ықпал етеді. Бұдан басқа, замануаи басқаратын технологияларды енгізуде мендежмент шешуші роль атқарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтарындағы Жолдауында атап көрсеткеніндей, «Еңбек өнімділігін кешенді арттыру маңызды міндт болып табылады. Қазақстанда, экономика бойынша жалпы алғанда, бір жұмысшы жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асады. Бұдан шығатын қорытынды өте қарапайым – өнімділікті арттырып, инновацияларды енгізу қажет. Басқарудың барлық деңгейінде жұмыстың осы критерийлері бойынша бағалау мен қаржылық қолдау және бақылау Үкіметтің басты міндеті болмақ. Тек инновациялар ғана еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға мүмкіндік береді».

Тұрақты және бірқалыпты даму жеделдетілген диверсификация мен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен мүмкін болмақ. Қазіргі уақытта еңбек өнімділігін кешенді түрде арттыру маңызды міндет болып табылады. Еңбек өнімділігін арттыру - материалдық өндіріс пен табыс көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ететін ең маңызды шарттардың бірі.


Еңбек өнімділігін артуы көптеген факторлармен анықталатыны барлығына белгілі. Еңбек өнімділігі артуының факторлары (немесе оның резервтері) ретінде еңбек өнімділігінің деңгейін өзгертуге жағдай жасайтын объективті және субъективті себептердің жиынтығы танылады.


Әлемдегі алдыңғы қатарлы пікірлер еңбек өнімділігіне ықпал ететін факторлардың үш негізгі тобын бөліп көрсетеді.


1. Негізгі капитал факторлары. Олардың ерекшелігі инвестициялар мен материалдыық негізгі құралдарды пайдаланудың сапасы, даму деңгейі және пайдаланылу дәрежесіне негізделген. Бұл факторлар еңбекті механикаландыру мен автоматтандыру, алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру, сапалы және тиімді материалдарды пайдаланумен байланысты.

2. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Бұл – жұмысшылар құрамы мен сапасы (олардың біліктілігі), еңбек жағдайлары, жұмысшылардың еңбекке деген көзқарасы, т.б. Әлеуметтік-экономикалық факторлар тобында жұмыс күшінің құрамы мен сапасы ерекше рөл атқарады, себебі әр адамның жалпы тұтас еңбекке қосатын үлесі бірдей емес: ұжымда біреулер орташадан көп өндірсе, енді біреулер орташа мәннен кем өндіреді. Бірақ еңбек өнімділігін есептеудің қазіргі әдістері көбінесе мұны есепке алмайды. 

Жеке жұмысшының еңбек өнімділігі оның қабілеті, шеберлігі, білімі, жасы, денсаулық жағдайы және басқа да бірқатар себептерге байланысты болады. Жұмыс беруші үшін, нәтижелі еңбек тұрғысынан қарағанда, жұмысқа қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі орташадан жоғары «өз» жұмыскерін табу маңызды. Мұндайда жұмыскерді таңдауда әңгімелесу, еңбек сапасын бағалау, аттестация мен кәсіптану жүйесі көмектеседі.

3. Ұйымдастыру факторлары. Олар еңбек өнімділігін арттыруға тікелей ықпал ететін еңбек пен басқаруды ұйымдастыру, қызметкерлер менеджменті бойынша іс-әрекет кешенін қамтиды. «Еңбек пен басқаруды ұйымдастыру» ұғымы кәспорынның көлемін, орналасу орнын таңдау, кооперациялау, мамандандыру мен кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру ретінде құрамалауды, кәсіпорынды басқару схемасын, құрылымын және стилін, оның бөлімшелерінің міндеттерін анықтауды қамтиды. Ұжымдағы қарым-қатынасқа, еңбек тәртібіне ықпал ететін факторлар ерекше топ құрайды. Бұл жерде, ең алдымен, жұмыскерлердің құндылықтар жүйесін, қызметкерлердің мақсатты бағдарлары мен жұмыскерлердің қимыл-әрекетіне әсер ететін қарым-қатынас ұстанымдарын, олардың топ ішінде, сондай-ақ жалпы ұжымдағы қарым-қатынасын, екіншіден, жұмысшыларды белсендендіру шараларын, үшіншіден,   басқарушы шешімдер мен қателер мен кемшіліктерді түзетуді бақылау шараларын, т.б. атап өту қажет.


Өндірістік іс-әрекеттің еңбек өнімділігі сияқты маңызды көрсеткіші материалдық-техникалық жарақтандыру жағдайына байланысты. Материалдық-техникалық жарақтандырудың еңбек өнімділігіне тікелей ықпалы өндірісті материалдық ресурстармен қамтамасыз ету процесі түрлі мамандықтағы жұмыскерлердің белгілі бір күш пен уақыт жұмсауын талап ететіндігімен байланысты. Сондықтан Қазақстанда материалдық-техникалық жарақтандырудың тиімді жүйесін құру, жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ұтымды байланыстар орнату, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру, электронды-есептеуіш және басқа да техниканы, инновацияны енгізу тек материалдық-техникалық жарақтандыру саласындағы ғана емес, жалпы халық шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді.


Қазақстандық кәсіпорындарда еңбек өнімділігін сапалы және тұрақты арттыру үшін Бағдарлама мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады. Олар Бағдарлама құралдарын қамтамасыз ету түрінде жүзеге асады.


Қосымша ақпарат алу үшін Инновацияларды қолдаудың сервистік құралдарын басқару орталығына хабарласа аласыз 


Тел. 8 (7172) 57-10-12


Факс: 8 (7172) 517-021